Түлкібаста аудандық байқау өтті

Dalanews 22 мау. 2017 14:51 235

Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі мен білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Таңшолпан» бөбекжайында «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты аудандық байқауы өткізілді.
Іс-шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және жас бүлдіршіндерді ынталандыру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Үміткерлердің өзіндік ерекшеліктерін, білімділігін, тапқырлығын, белсенділігін бағалап, сарапқа салған қазылар алқасының шешімі бойынша І орын «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі Нурлибаева Аружан Қуанышбекқызы, ІІ орын «Астана» балабақшасының тәрбиеленушісі Сағымбек Абзал Құралбекұлы, ІІІ орын «Сауыткүл апа» балабақшасының тәрбиеленушісі Нұрланқызы Айаруға бұйырды.
Байқауға қатысушылар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің арнайы сыйлықтары, дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар