Қазақстанда мақта жинау науқаны аяқталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдемесі бойынша, биылғы жылы заманауи технологияларды қолдану нәтижесінде өнімділік артты деп хабарлайды Dalanews.kz.
-Заманауи егіншілік технологияларын, соның ішінде тамшылатып суару әдісін енгізудің арқасында кейбір шаруашылықтар гектарынан 50 центнерге дейін өнім алды, - деді министр.
Ел бойынша орташа өнімділік гектарына шамамен 30 центнерді құрады. Жалпы ауылшаруашылығы қызметкерлері 428 мың тонна шикі мақта жинады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 42%-ға көп.
Министр фермерлерге заманауи әдістерге өтуге әрі қарай да қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.
-Осы орайда әкімдікке мақтаны дәстүрлі әдіспен егетін ауылшаруашылығы қызметкерлерін заманауи әрі тиімді технологияларға көшіруді қамтамасыз ету қажет, - деді ол.
Айдарбек Сапаровтың айтуынша, өнімділіктің өсуі мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды.
-Фермерлердің агротехнологияларды сақтауына, ең алдымен, мемлекеттік қолдаудың ерте жеңілдетілген несие беру түріндегі шаралары ықпал етті, ал биылғы жылы бұл несие көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті, - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, биыл алғаш рет 1,8 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ын құрайды.
- Элита тұқымдардың үлесі 9,5%-дан 11,5%-ға дейін өсті, жоспар бойынша 10,5% болатын, - деп қосты ол.
 
                        
                            