Freedom Inside '26

Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды

Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды
видео кадры

Синтетикалық есірткіні сату және қылмыстық кірісті заңдастыру бойынша трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы елшілігінің көмегімен Украина азаматын экстрадициялады.

Арнайы прокурорлар қылмыстық істі тергеу барысында күдікті трансұлттық қылмыстық топтың басшысы болып, Telegram мессенджерінде Kaef Mafia интернет дүкені арқылы есірткі және психотроп заттарды жүйелі түрде байланыссыз сатуды ұйымдастырғанын анықтады.

Қылмыстық әрекет нәтижесінде банк шоттары арқылы 2,8 млрд теңгеден аса қаражат өткізілген, олар Қазақстаннан тыс жерге шығарылған, бірақ кейін қабылданған шаралар арқылы мемлекет пайдасына тәркіленген. 

Сонымен қатар, жедел іс-шаралар барысында осы қылмыстық топ мүшелерінен 1,2 келі есірткі және психотроп заттар алынды.

Қылмыс жасалғаннан кейін топ мүшелерінің бір бөлігі сотталған, ал күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

Былтыр желтоқсанда ол Польша аумағында ұсталды, осылайша Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.