Трамптың арнайы өкілі Мәскеуге Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсынысты жеткізеді

Трамптың арнайы өкілі Мәскеуге Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсынысты жеткізеді
Фото: Chip Somodevilla / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуге барып, Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсынысты жеткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Трамптың айтуынша, Уиткофф Ресей басшылығына соғысты тоқтатуға бағытталған бастаманы ұсынбақ.

«Олар соғысты тоқтату туралы ұсынысты айтады. Мен сегіз соғысты тоқтаттым. Осы үшін мені мақтан тұтасыздар деп үміттенемін. Бірақ бұл үшін ешкім маған лайықты бағасын беріп жатқан жоқ», – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар, Трамп тағы да Нобель бейбітшілік сыйлығын алмағанына өкініш білдірді. Оның сөзінше, аталған сыйлықтың бір лауреаты марапатты өзіне табыстауға дайын болған.

Уиткоффтың Мәскеу мен Киевке сапары

Алдын ала жарияланған кестеге сәйкес, АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер 5 қыркүйекте Мәскеуге баруы тиіс.

Сапардың келесі кезеңінде олар 6 қыркүйекте Киевке аттанбақ.

Алайда қауіпсіздік мәселелеріне байланысты бұл кестеге өзгерістер енгізілуі мүмкін.