Трамп Зеленскиймен кездесуде ашуға булығып, Ресейдің шарттарын қабылдауды талап еткен

Қаракөз Амантай 20 қаз. 2025 08:59

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен жұма күні Ақ үйде өткен шиеленісті кездесуде Украина президенті Владимир Зеленскийге Ресейдің шарттарын қабылдауды талап еткен. Бұл туралы Financial Times дереккөзі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басылымның мәліметінше, екі ел басшыларының кездесуі бірнеше рет дау-жанжалға ұласқан. Трамп жиі ашуланып, қатты сөйлеген. Дереккөздердің айтуынша, Ақ үй басшысы Зеленскийден аумақтық жеңілдіктерге келісуді табанды түрде сұраған.

Президент АҚШ карталарды үстелден ысырып тастап, бір күн бұрын Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескенде айтылған уәждерді бірнеше рет қайталап отырған.

Материалда айтылғандай, Трамп кездесуден кейінгі мәлімдемесінде қақтығысты қазіргі байланыс шебі бойынша "тоқтата тұру" туралы пікір білдіргенімен, оның Зеленскийге қатысты қатқыл мінезі "Путиннің барынша қатаң талаптарын қолдауға әзір екенін" көрсеткен.

16 қазанда Трамп Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесіп, "айтарлықтай ілгерілеу барын" мәлімдеген болатын. Екі тарап алдымен сыртқы істер министрлерінің кездесуін, содан кейін Венгрия астанасында мемлекет басшыларының жеке жүздесуін өткізуге уағдаласқан.

АҚШ пен Украина басшыларының кездесуі 17 қазанда өтті. Басты тақырып – Киевке алыс қашыққа ұшатын Tomahawk қанатты зымырандарын беру мәселесі болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар