Трамп резиденциясына шабуыл әрекеті: 21 жастағы күдікті көз жұмды

Самал Асқар 23 ақп. 2026 18:54

АҚШ президенті Дональд Трамптың Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясының аумағына дробовикпен кірген ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, ол 21 жастағы Остин Такер Мартин болып шыққан.

Мәліметтерге сәйкес, оқиғадан бірнеше күн бұрын оның отбасы жас жігітті із-түзсіз жоғалғандар қатарына енгізген. Сондай-ақ 2023 жылы оның әпкесі өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Тергеу нұсқасына қарағанда, Мартин Солтүстік Каролинадан Флоридаға жол тартып, жолай қару сатып алған. Оның көлігінен дробовиктің қорабы табылған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ол күзетілетін аумаққа қақпадан кірген көліктің артынан ілесіп өтіп кеткен болуы мүмкін. Оқиға кезінде Дональд Трамп Ақ үйде болған.

Жергілікті шерифтің мәліметінше, күдікті ұсталған сәтте қарсылық көрсетіп, дробовикті шерифтің орынбасары мен Құпия қызмет өкілдеріне бағыттаған. Осыдан кейін құқық қорғау органдары оқ атқан. Күдікті сол жерде қаза тапты.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен күдіктінің әрекетінің себептері анықталып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove