Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесу барысында Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалатын шабуылдарды тоқтатуға бірнеше рет шақырған. Бұл туралы Axios басылымы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Басылымның сұхбаттасушысы әңгіме барысында «дизель» сөзі бірнеше рет аталғанын айтты. Оның сөзінше, мұндай соққылар әлемдік нарықта дизель отыны бағасының қымбаттауына әсер етіп отыр.

Axios мәліметінше, Трамп ресейлік мұнай инфрақұрылымына жасалатын шабуылдардың салдары жанармай нарығына әсер етуі мүмкін екенін атап өткен.

Ал Америкалық автомобиль қауымдастығының (AAA) дерегіне сәйкес, 20 қыркүйекте АҚШ-та дизель отынының бағасы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, бір галлоны 6,49 доллар болған. Соңғы бір жылда дизель құны шамамен екі есеге өскен.