Трамп пен Путиннің Аляскадағы кездесуі: саясаттанушылар не дейді?

Кәмшат Тілеухан 16 там. 2025 10:55

Украина мен Еуропа үшін бұл саммиттің қалай болғанын әлі айта алмаймыз. Бір жағынан Трамп ашып ештеңе айтпады және Украина мен Еуропа үшін деп бел шеше кіріскенін де көре алмадық, - деді саясаттанушы Евгений Рощин Би-би-сиге берген сұқбатында. Бірақ, оның айтуынша, ол келесі тарапқа ұнамсыз жайттарды келіскісі келуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Трампқа көптің назарында болу үшін бұл кездесу де және уәде етілген алдағы кездесу де қажет болды. Ол бұған қол жеткізді", - деді ВВС-ге АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа мәселелері жөніндегі бұрынғы көмекшісі Джеймс О ' Брайен. Оның айтуынша, қазір Путиннің өз дегеніне қол жеткізуіне мүмкіндік туып тұр, бірақ Трамптың бұл ретте не ойлайтыны және оның өз ұстанымын қайта қарау-қарамауы әлі белгісіз.

Эдвард Ронг Трамптың кездесуде Путинге аса көңілі толмады деп санайды.

"Путин тілін тауып, Трампты баурап алуы мүмкін деп көп қорыққан. Ал Трамптың аяқ-асты шалт қимыл жасайтыны бар, оны қандай да бір шешімге немесе концессияға итермелеуге болады",- дейді Ронг. Трамп Путинмен сөйлескеннен кейін Fox-ке берген сұқбатында оған дайындығы туралы көп айтқан уәде етілген жаңа кездесу - маңызды жетістік деп санамаймын. Кездесуді жоспарлауға, келісуге болады, бірақ егер нақты күн белгіленбесе, онда бұл туралы алдын ала мәлімдеудің мағынасы жоқ. Барлығы  жоспар деңгейінде қала береді. Ал келіссөзді дүние төңкеріліп, бәрі ыдырағанша шексіз жүргізе беруге болады", деді Ронг.

Ресей президенті ұзақ уақыт бойы КСРО-ға деген әуестігін және ірі елдер әлемді ықпал ету салаларына бөліп қарастыратын халықаралық қатынастар моделіне оралуға деген ұмтылысын жасырмайды. Мұндай талап қазіргі еуропалық қауіпсіздік жүйесіне селкеу түсіруде.  

"Балтық және НАТО-ға мүше Шығыс Еуропа елдерінің мұндай қағидаға келісуі Украинаның жеңілісін ғана білдірмейді, бұл мықты көршілердің өз дегенін кішігірім елдерге жүргізу идеясын заңдастырумен пара-пар. Путин Украинадағы соғысты тек аумақтық дау ретінде ғана емес, сонымен бірге әлемдік саясаттың құрылымын қайта құрудың тетігі ретінде де қолдануға тырысады. Ол Ресей үшін батыс елдерінің қауіпсіздік архитектурасына әсер ету құқығын талап етіп алуға тырысады. Путиннің Ресей мен АҚШ-тың жақындығына баса назар аударған сөзі бұл гипотезаны растайды. Ол: "Бізді мұхиттар бөліп тұрса да, біздің елдеріміз шын мәнінде жақын жатқан көршілер", - деді емес пе? Бірақ Трамп Путинге арадағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру тұрғысында ештеңе уәде еткен жоқ. Иә, оны АҚШ-та жоғары деңгейде қабылдады, Путинге бұл мойындау маңызды, бірақ жалғыз мойындауды нанға "май қылып жаға алмайсыз", ол валютаға айырбастауға келмейді", - дейді саясаттанушы Рощин.

Ал саясаттанушы Даниэль Фрид: "Трампқа қандай да бір прогреске қол жеткіздім деп кейіп танытуды қою керек, егер ешқандай прогресс болмаса ", деп салды.

Бұған дейін Трамп пен Путиннің Аляскадағы келіссөздерінің қорытындысы жарияланғанын жазғанбыз


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар