АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін алғанын мәлімдеді. Бұл туралы америкалық көшбасшы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Трамп Венесуэла оппозициясының саясаткері Мария Корина Мачадомен кездесуі екі сағаттан астам уақытқа созылғанын айтты.
«Бүгін Венесуэладан келген Мария Корина Мачадомен кездесу мен үшін үлкен мәртебе болды. Ол – талай сынақтан өткен ерекше әйел. Мария менің атқарған жұмысым үшін Нобель бейбітшілік сыйлығын маған табыстады. Бұл – өзара құрметтің тамаша белгісі. Рақмет саған, Мария», - деп жазды Дональд Трамп Truth Social желісінде.
Айта кетейік, бұған дейін Венесуэла президенті Николас Мадуро билікті күштеп басып алды деген жағдай аясында Трамп Мачадоның ел ішінде қолдауы жоқ екенін мәлімдеген болатын. Ал Мачадоның өзі Трамптың Венесуэлаға қарсы шабуылы үшін Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық екенін айтқан.
Дегенмен Нобель комитеті бұл мүмкін емес екенін атап өтті. Комитеттің түсіндіруінше, сыйлық берілгеннен кейін оны кері қайтарып алу, бөлісу немесе басқа адамға беру қарастырылмаған.
