Тоқмәди түрмеде отырып рейдерлік жасаған болуы мүмкін - дереккөз

Көркем Алдабергенова 22 қаң. 2025 11:10 452

Мұратхан Тоқмәди тек шартты түрде мерзімінен бұрын босауға (ол тапсырыспен жасалған кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр) тырысып қана қоймай, сонымен қатар, түрмеден Oi-Qaragai тау курорты жерлерін рейдерлік жолмен басып алуға басшылық жасап жатқан болуы мүмкін. Бұл туралы "Алдар көсе" телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Oi-Qaragai заңгері Светлана Пан биыл қаңтар айында: "Тоқмади отбасы «оның басшылығымен» жаңа туристік аймақтың құрылысын тоқтатып, 25 сотық жер телімін даулап жатыр" деп мәлімдеме жасады. 

Бұрын бұл жер мемлекетке тиесілі болған, кейін Oi-Qaragai инвестициялық келісім жасасып, оны бес жылға жалға алған. Панның айтуынша, оқиға былай өрбіген:

– Жердің шекарасын анықтау кезінде біздің жалға алынған телімімізде құрылыстар – шағын қора мен үй бар екені анықталды. Иесі - Елеуқайша Тохмадиева екені  анықталып, келіссөздер жүргізілді. Тохмадиева біздің дәлелдерімізбен келісті, біз олардың құрылысын бұзбайтын және бізге кедергі келтірмейтін айырбас нұсқаларын қарастырмақ болдық. Иесі бір айға кідіріс алып, қайта оралғанда, «бұл жер оған тиесілі» екенін айтты. Дәлел ретінде ол мүлде қатысы жоқ үш басқа телімнің құжаттарын ұсынды.

Панның айтуынша, Елеуқайша Тохмадиева – Мұратхан Тоқмәдидің әпкесі, ал Тоқмәди отбасы Oi-Qaragai-ды сотқа беріп, мемлекетпен жасалған жалдау шартын жарамсыз деп тануды талап етуде. Бастапқыда Талғар аудандық соты құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы шешім шығарды, бірақ Oi-Qaragai жоғары сотқа апелляциялық шағым түсіріп, ол қабылданды. Құрылыс жалғасып жатқанымен, жанжалдың нүктесі қойыларының ауылы алыс. 

Енді курорт заңгері қоғамның назарын қызық жайтқа аударды: келіссөздер кезінде Тоқмәдидің әйелі мен әпкесі «Мұны күйеуіммен ақылдасуым керек» немесе «Ағаммен ақылдасу керек» деп шыққан. 

– Талап-арызға қоса берілген жер телімі Тоқмәдидің әпкесіне рәсімделген. Бізбен көршілес жер телімі оның ағасына тіркелген. Біздің ойымызша, жазасын өтеп жатқан адамның басшылығымен ұйымдасқан топтың әрекеті анық көрініп тұр, – деді заңгер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар