Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдап, оның алдында мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі міндеттерді белгіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгенін және оның мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Ерлан Қаринге бірқатар нақты тапсырма берді.
Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік ету міндеті жүктелді.
Сонымен қатар Ерлан Қарин мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша Мемлекет басшысының ұстанымын жеткізетін болады.