Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдап, ведомствоның алдағы міндеттерін айқындады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілету, теңгерімді сыртқы саясатты нығайту және экономикалық дипломатияны дамыту қажеттігін атап өтті.
Кездесуде көпжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселесіне де назар аударылды. Сонымен қатар шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру тапсырылды.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі де қаралды.