Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
Aqorda.Kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақорданың мәліметінше, Президент Қытайдың Хунань өлкесінде пиротехникалық зауытта болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына сабыр тілеп, ауыр жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.