Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Сицзан автономды ауданындағы жойқын сел салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Dala News.

Мемлекет басшысы қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев із-түзсіз жоғалған азаматтардың аман-есен табылып, отбасыларына оралуын тіледі.