Тоқаев Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісін қызметінен босатты

Тоқаев Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісін қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сатыбалды Бұршақовты қызметінен босатты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы 27 тамызда Ақорданың Telegram арнасында хабарланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.