Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратын дербес мемлекеттік орган етіп құрды

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратын дербес мемлекеттік орган етіп құрды
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстанда Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде құрылды.