Тоқаев Президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесіне бір апта ішінде талдау дайындауды тапсырды

Сағыныш Сардарова 23 мау. 2025 17:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Әрине, құқық қорғау мекемелерінің жұмысында ешқандай қателік немесе жетіспеушілік жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ қара бұлтты төндірудің де қажеті жоқ. Бәріміз бір ел, бір халық болып Қазақстанымыз үшін қызмет етіп, табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ ұлттық парыз, азаматтық борыш. Қазақстан қауіпсіз, заң мен тәртіпке бағынатын ел болуы керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

"Сондықтан менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесі бір аптаның ішінде құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек. Барлық түйткілді ашық түрде көрсетеді, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Бұл – өте маңызды жұмыс, оны жалғастыру қажет. Түптеп келгенде, біздің басты бағдарымыз айқын. Бұл – заң мен тәртіп қағидаты. Қызметтеріңізге табыс тілеймін!" - деді Мемлекет басшысы.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар