Тоқаев жүргізген ауыс-түйіс: Ақшолақовтың орнын Мырзағалиев басты

Көркем Алдабергенова 13 ақп. 2025 09:18 6550

Президент кеңесшісін ауыстырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Болат Ақшолақов президенттің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.

Мырзағалиев туралы:

Мағзұм Мыырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.

Еңбек жолы:

2001-2004 жылдары –  Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MI Drilling Fluids International (Schlumberger) бұрғылау ертінділері жөніндегі инженері, АҚШ және Малайзияда тағлымдамадан өткен. 2004-2007 жылдары – өндіру менеджері (MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының басшысы). 2007-2010 жылдары – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобалау сервистері бойынша басқарушы директор.

2012-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жоба жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары. 2013 жылдың қазаны – 2014 жылдың тамызы – Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі.  

2014 жылдың 13 тамызынан – 2019 жылдың 17 маусымына дейін – Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі. 2019 жылдың 17 маусымынан бастап -  Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі. 2021 жылдың 9 қыркүйегінен бастап ҚР энергетика министрі болған. 

Ақшолақов туралы:

1971 жылы 9 сәуірде Гурьев қаласында (Атырау) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, есеп және экономикалық кибернетика факультетін, мұнай-газ өнеркәсібінің білім беру орталығын бітірген. Мамандығы — «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бағалау», «Мұнай өндіру экономикасы».

Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі болып бастаған.

Соңғы жылдардағы қызметі мынадай:

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ҚР энергетика министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар