Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", делінген Ақорданың хабарламасында.
Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев — қазақстандық мемлекеттік қызметкер. 1980 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. 1997-2001 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша білім алып, экономист біліктілігін иеленген. 
Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімінің аппаратында бастаған. Кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі сияқты мемлекеттік органдарда әртүрлі қызметтер атқарды. Сондай-ақ, Премьер-Министрдің кеңесшісі, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК-да жұмыс істеді, Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары және Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі лауазымдарында қызмет етті. 2013 жылы Шахтинск қаласының әкімі болып тағайындалды.
2013 жылдың ақпан айында Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне кірісті. 
2014 жылдың желтоқсанында «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. 
2021 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директор қызметін атқаруда.