Саяси сарапшы, іскерлік әкімшіліктендіру магистрі Ақбөпе Әбілқасымова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басшылығына келгелі бергі алты жыл ішінде Қазақстан ауыз толтырып айтарлықтай керемет нәтижелерге қол жеткізгенін айтады. Осылай деген ол бұған экономикалық даму көрсеткішткері дәлел екенін алға тарта отырып, оны сөзбен емес, цифрлар арқылы жеткізуді жөн санапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сонымен сарапшы алты жыл ішіндегі ел дамуындағы өзгерістерді ап-айқын танытатын мынандай статистиканы алға тартады:
Экономика:
- Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 2018 жылы - 9,4 мың доллар; 2024 жылы - 14 мың доллар
- Еліміздің ЖІӨ: 2018 жылы - 179 миллиард доллар, 2024 жылы - 288 миллиард доллар.
- Қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс: соңғы 5 жыл ішіндегі өсім - 31,4%.
- Құрылыс: соңғы бес жылда 96,3% өсім.
- Машина жасау: Жеңіл автомобильдер: 2018 жылы 30 мың бірлік жасап шығарылса, 2024 жылы бұл көрсетіш 134 мың бірлікке жеткен. Жүк көліктері: өсім 6 есе (1,2 мыңнан 7,1 мың бірлікке дейін). Автобустар: өсім 7 есе (400-ден 2,9 мың бірлікке дейін).
- Мұнай-газ химиясы: Атырау облысында полипропилен өндіретін және Орталық Азиядағы осы тектес барлық өндірістерден мықты KPI зауыты іске қосылды.
- Агроөнеркәсіптік кешен: Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2 есеге өсті.
- Азық-түлік өндірісі: өсім - 2,1 есе.
- Тұрғын үй және инфрақұрылым: қолданысқа берілген баспана: 2018 жылы - 12,6 млн шаршы метр болса, 2024 жылы - ️ 19 млн шаршы метр берілген. 2019 жылдан 2024 жылғы дейінгі аралықта барлығы 97,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
- Жолдарды қайта жаңалау: Алты жыл ішінде 4,4 мың шақырым республикалық маңызы бар тас жолдар жөнделді.
- Газдандыру: 2024 жылы газға 12 млн адам қол жеткізді, 1,7 мың шақырым газ желілері салынды. Сумен жабдықтау: Қалалардағы сумен қамтамасыз ету деңгейі 2019 жылы 97,2% болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 99,4%-ға жеткізілді. Ауылдарда: бұл көрсектіш 86,4% болса, қазір 97,8% болды.
"Сондай-ақ, ең төменгі жалақы екі есеге өсті, яғни 42,5 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін. 2019 жылдан бастап қылмыс деңгейі 52%-ға, қоғамдық орындарда 60%-ға төмендеді. Өмір сүру ұзақтығы: 73 жастан 75 жасқа дейін ұлғайды. Қазақстан даму жолында айқын бағдармен келеді, ал бұл цифрлар сол жолдың басы ғана. Алда бұдан мықты амбициялық жобалар мен жетістіктер тұр. Бұл туралы күні кеше жарияланған Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің "Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында" атты өз мақаласында кеңінен қамтылған", - дейді Ақбөпе Әбілқасымова.