Freedom Inside '26

Тоқаев бірқатар маңызды заңға қол қойды

Тоқаев бірқатар маңызды заңға қол қойды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

 

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.