Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше адамды қызметінен босатты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев мына адамдарды лауазымынан босатты:
- Мемлекет басшысының жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
- Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
- Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
- Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Абай Алтай "Әділет" партиясынан Құрылтай депутаты болды. Ербол Адаев та "Әділет" партиясы атынан Құрылтай депутаты болды.