Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты құрылуына байланысты бірқатар басым міндетті айқындады.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.