Президент қол қойған заңның мәтіндері баспасөзде жарияланатын болады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты және оның Аппараты қызметінің мәселелері туралы Жарлыққа, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» қол қойды
Бұдан басқа Мемлекет басшысы «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заңда қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айта кетуіміз керек.
Осылайша Мемлекет басшысы қазақ халқының сиволына айналған қазақы төбетті мемлекеттік тұрғыдан сақтау ісіне қолдау көрсетті.