ТЖ қызметкерлері Кеген ауданындағы жауын-шашын кезінде ағын судың зардаптарын жедел жойды

Жарбол Кентұлы 16 шіл. 2024 17:40 1967

16 шілдеде сағат 15:58-де Кеген ауданы, Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта жауын-шашынның салдарынан ағын судың қалыптасуы орын алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағын су кезінде 2 жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен.

Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылды.

Оқиға орнына 17 қызметкер жедел түрде жұмылдырылды, оның ішінде ТЖД (5 адам және 2 бірлік техника), ПД (7 адам және 4 бірлік техника), әкімдіктен  (3 адам және 2 бірлік техника), сондай-ақ Қазавтожол (2 адам және 2 бірлік техника) мамандары тартылды.

Сағат 17:00-де жаңбыр тоқтап, су деңгейі түсті. «ҚазАвтоЖол» жолды тазарту жұмыстарын жүргізуде. Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс жасауда.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар