Қазақстанда еңбекке қабілетті бір азаматтың банк алдындағы орташа қарызы 2,14 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
2026 жылдың басындағы дерек бойынша елде 16 мен 62 жас аралығындағы 11,75 млн адам еңбекке қабілетті санатқа кіреді.
Соның ішінде ипотекалық қарыз көлемі бір адамға шаққанда орта есеппен 604,4 мың теңгені құрайды. Бұл шамамен 1,8 медианалық жалақыға тең.
Ал тұтынушылық несиелер бойынша жағдай күрделірек. Орта есеппен әр қазақстандықтың мұндай қарызы 1,439 млн теңгеге жеткен. Бұл 4,4 медианалық жалақы көлемімен пара пар.
Ресми статистикаға сәйкес, өткен жазда Қазақстандағы бірегей қарыз алушылар саны 7,7 млн адамға жеткен.
Яғни 4 млннан астам қазақстандықтың банктік несиесі жоқ.