Tinder-дегі «Нұрай» үш айдың ішінде жігітті 4 миллион теңгеге алдап соққан

Көркем Алдабергенова 16 қаң. 2026 10:12

Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған 20 жастағы қала тұрғынына үкім шықты. Ол танысуға арналған Tinder қосымшасына әйел адамның атымен «Нұрай» деп тіркеліп, өзінің Telegram аккаунтына сілтеме қалдырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Telegram-да бейтаныс қыздың суретін қойып, жалған парақша ашқан. Содан кейін жәбірленушімен тілдесіп, кездесуге уәде беріп, әртүрлі сылтаулармен одан ақша сұрай бастаған.

Қаскөйдің арам пиғылынан бейхабар жәбірленуші үш айға жетпейтін уақыт ішінде 4 млн теңгеден астам қаржысын аударған.

Сот айыпталушыны ақпараттық жүйе пайдаланушысына қатысты ірі көлемде жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп таныды.

Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар - жасаған ісіне шын өкінуі, келтірілген мүліктік залалды өз еркімен өтеуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескеріле отырып, сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove