2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында теңге АҚШ долларына шаққанда 5,1%-ға нығайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, ұлттық валютаның нығаюына бірнеше негізгі фактор әсер еткен.
– Бұған қалыпты қатаң ақша-несие саясаты, шетелдік инвесторлардың Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына жоғары сұранысы, Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияны төмендетуге бағытталған бірлескен шаралары, сондай-ақ қолайлы сыртқы экономикалық ахуал ықпал етті, – деді Тимур Сүлейменов.
Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы 2026 жылдың алғашқы алты айында Ұлттық қордан 2,2 млрд АҚШ доллары көлемінде шетел валютасы сатылғанын айтты.
Оның сөзінше, үшінші тоқсанда Ұлттық банк экономикадан қосымша шамамен 1,1 трлн теңге көлеміндегі өтімділікті алып қоюды жоспарлап отыр.