Теміржол маңында жайылған мал үшін айыппұл екі есе өсуі мүмкін

Теміржол маңында жайылған мал үшін айыппұл екі есе өсуі мүмкін
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы теміржолға жақын жерде қараусыз жайылған мал үшін салынатын айыппұл мөлшерін арттыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компания мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері пойыздар 584 рет мал басқан. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде мұндай 648 оқиға тіркелген болатын. Көрсеткіш азайғанымен, теміржолшылар мәселе әлі де өзекті екенін айтады.

Жыл басынан бері мамандар мал иелерімен 1,3 мыңнан астам түсіндіру кездесуін өткізіп, 52 мыңнан астам адамды қамтыған. Сонымен қатар 378 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2025 жылдан бастап теміржол маңында малды қараусыз жаюға қатысты ескерту беру тәжірибесі тоқтатылды. Қазір алғашқы құқық бұзушылық үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал қайталанған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Енді «Қазақстан темір жолы» бұл айыппұлдарды екі есе арттыруды ұсынып отыр. Егер ұсыныс қолдау тапса, алғашқы құқық бұзушылық үшін 10 АЕК, ал бір жыл ішінде қайталанса 20 АЕК айыппұл салынуы мүмкін.