Темекі тағы да қымбаттауы мүмкін. ҚР Қаржы министрлігі темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек бағаны белгілеуге қатысты қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқыға ұсыну үшін жарияланды. Бұл өзгерістер Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына енгізіліп, онда сүзгісі бар және сүзгісіз темекілердің, папиростардың, сигариллалардың, сондай-ақ қыздырылатын табак өнімдерінің ең төменгі бағасы анықталады.
Құжат түсіндірмесінде атап көрсетілгендей, өзгерістерді енгізудегі негізгі мақсат- темекі өнімдеріне қатысты белгіленген салық және баға саясатын жүргізу, сондай–ақ денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу - елде темекі шегу мен темекі тұтынысын азайту.
Осы жағынан алғанда текменің ең төменгі бағасы тағы да артады. Алайда Қаржы министрлігі бұйрығының жобасында нақты сома көрсетілмеген.
Қолданыстағы бұйрық бойынша, биыл 1 қаңтардан бастап бұл сома 870 теңгені құрайды.