ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1

Dalanews 22 сәу. 2024 18:05 2771

«Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобына кіретін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel ұялы операторы) басшысын ауыстырды. Негізгі компания Катарлық Power Holding тобына сатылуы тиіс еді. Мәміле алдында жаңа басшы - Сергей Назаренконың тағайындалуы болашақ инвестордың талабы болуы мүмкін.

Сергей Назаренко соңғы 16 жылда ол телекоммуникациялық компанияларда өсу стратегияларын әзірлеп, енгізу, трансформация және операциялық тиімділікті арттырумен белсенді айналысып келген. Бұған дейін ол AzerTelecom (Әзірбайжан), Caspinet BV (Нидерланды), KazTransCom, Kcell, «Қазақтелеком» компанияларында басшылық қызметтерін атқарды.

Қазақстанда Теле2/Алтел жүйесінде 7 миллион абонент бар. Оған компания 7 мың базалық станция көмегімен қызмет көрметуде. Tele2 Қазақстанға 2010 жылы келді. Ал 2019 жылы ол Қазақтелеком қолына түсіп, мемлекет қарамағына өтті. Енді монополиядан кету үшін мемлекет Теле2-ні шетелдік инвесторларға сатуға мүдделі болып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар