Кейінгі 3 жылда сақтандыру ұйымдарының активі екі есе өскен

Кейінгі 3 жылда сақтандыру ұйымдарының активі екі есе өскен
pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов сақтандыру секторы қалай дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы ол Kazakhstan Insurance Forum 2026  сақтандыру форумында мәлімдеді.

"Кейінгі 3 жылда сақтандыру ұйымдарының активі екі есеге жуық өсіп, 1 шілдедегі жағдай бойынша 4,1 трлн теңгеге жетті", - деді агенттік өкілі.

Сақтандыру сыйақыларының көлемі 1,8 трлн теңге болған, ал сақтандыру төлемі 1,8 есеге артып, 413,6 млрд теңгеге жеткен. Өсім бойынша көш бастаған бағыттар - зейнетақы аннуитетін сақтандыру және жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру.

Саланы одан әрі дамытудың негізгі бағыттары сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалған. Бағдарлама халық пен бизнесті сақтандыруды кеңейтуге, сақтандыру нарығының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған 6 стратегиялық бағыт, 18 стратегиялық бастамадан тұрады.