Тамыз айынан бері доллар 475-тен 445 теңгеге дейін арзандады

Тамыз айынан бері доллар 475-тен 445 теңгеге дейін арзандады
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тамыз айының басынан бері америкалық валюта 475 теңгеден 445 теңгеге дейін төмендеді.

Әсіресе қыркүйек айында доллар бағамының құлдырауы айқын байқалды. Соңғы екі апта ішінде америкалық валютаның құны 450 теңге межесінен төмен түсті.

Осылайша, соңғы бір жарым айда доллар бағамы шамамен 30 теңгеге арзандап отыр.