Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әсем архитектурасымен көздің жауын алар еліміздегі әсем қалалардың біріне айналып отыр. Әрине, республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына қазақстандықтар сүбелі үлес қосып келеді.
– Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ, біраз қиындықтар болды. Өзім осы қалаға Целиноград кезінде келдім. Отыз жеті жылдан бері қоғамдық көлікте қызмет етемін. Целиноград болды, Астана болды, Нұр-Сұлтан болды. Осы қоғамдық көлікпен құрылысшыларды тасыдым. Осы аз уақыт ішінде Астананы салып, әдемі ғимараттарды тұрғызған құрылысшыларға алғысымды айтқым келеді. Көз алдымызда бәрі өсіп, өніп жатыр. Қаламыз көркейіп жатыр. Жастарға айтарым, ерінбей еңбек етіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің берік болуына өз үлестерін қоссын! Құрметті отандастар, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын. Еліміз тыныш, Жұртымыз аман болсын. Мерекелі, берекелі күндер көп болсын! Мереке құтты болсын ағайындар, – дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 автопрактің көлік жүргізушісі Қанат Құлтас.
https://www.youtube.com/watch?v=h1TL2zuLVUo