"Таспен ұрып, тірідей көміп тастаған". Алматы облысында 29 жастағы ер адамның өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

"Таспен ұрып, тірідей көміп тастаған". Алматы облысында 29 жастағы ер адамның өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
egov.press

Алматы облысында 29 жастағы ер адамның өліміне байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Марқұмның туыстарының айтуынша, әріптестері оны демалыс базасы аумағында таспен ұрып-соғып, кейін тірідей көміп кеткен болуы мүмкін. Ер адамның сүйегі бірнеше күннен кейін табылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ведомство ақпаратына сүйенсек, 27 мамырда Ұйғыр аудандық полициясына әйел адам 29 жастағы ұлы жоғалғаны туралы арыз түсірген. Оның айтуынша, ұлы жұмыс орнына кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

Осыдан кейін жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылған. Нәтижесінде жоғалған азаматтың сүйегі жұмыс орнына жақын орналасқан демалыс базасы аумағынан табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша ер адам мен әріптестері арасында ішімдік ішкеннен кейін жанжал шыққан. Соның салдарынан жәбірленуші дене жарақатын алған.

Бұл дерек бойынша кісі өлтіру және қылмысты жасыру баптарымен қылмыстық істер қозғалған. Екі күдікті қамауға алынды. Ал оқиға кезінде бірге болған үшінші ер адамға қатысты шешім тергеу нәтижесіне қарай қабылданбақ.