Ташкенттегі метрода пранк жасаған қазақстандық блогерге қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан қазақстандық блогерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
"А. есімді азаматша Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін бейнежазбаға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Ол бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады", - деді Алматы ПД өкілі.
Еске салайық, бұған дейін блогер Қытайда да пранк жасаймын деп жұрттың наразылығына ұшыраған еді.
