Ташкент "Салафтарды" ұстады

Dalanews 22 ақп. 2016 01:49 821

Ташкентте жергілікті Ракат, Салам шайхана, Себзар және Джар Арык махаллаларында тұратын 14 адам тұтқындалды.
Ұсталғандардың басым бөлігі бұған дейін АҚШ және өзге алыс шетелдерде жұмыс істеп келген. Олардың бәріне «Салафия» діни ағымына қатысы бар деген айып тағылды.
Ұсталғандардың туыстары оларды алдымен 15 тәулікке ұстағанын, кейін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қамалғандардың кейбірі Өзбекстанға үш жыл бұрын оралған, кебірі жақында ғана шеттен келген.

Өзбекстанда шетелден келген азаматтарды тұтқындау 2015 жылдың қарашасында басталған еді. Ол кезде «Азаттық» радиосының өзбек қызметі Ташкент қаласы мен облысында 200-ден астам адамның қамалғанын хабарлаған болатын.

Бақылаушылар 14 азаматтың ұсталуын былтыр басталған жаппай тұтқындаудың жалғасы деп санайды. Айырмашылығы, өткен жылы ұсталғандардың «ИМ» тобымен байланысы бар делінсе, енді шетелден оралған өзбек азаматтарына «салафизм» айыбы тағылуда.

Бақылаушылар былтыр абақтыда түскендер тергеу барысында басқаларға қарсы куәлік беруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар