Freedom Inside '26

Тарихи рекорд! "Қазақтелеком" бір акциясына 26 600 теңге көлемінде дивиденд төлейді

Тарихи рекорд! "Қазақтелеком" бір акциясына 26 600 теңге көлемінде дивиденд төлейді
gov.kz

"Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында бір акцияға бұрын-соңды болмаған дивиденд көлемі бекітілді: 2024 жыл үшін 1 акцияға 6741,14 теңге және өткен жылдары берілмеген дивиденттер бойынша 19 923,74 теңге, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"2024 жылғы жылдық таза кіріс 74,19 млрд теңгені құрады, ал өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы - 219,3 млрд теңге. Нәтижесінде бір акцияға белгіленетін дивиденд мөлшері 26 664,88 теңгені құрайды. Бұл - "Қазақтелеком" акциялары бойынша тарихи рекорд!"- деп жазды Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) Telegram-дағы арнасында.

2025 жылғы 1 сәуірдегі KASE деректері бойынша, "Қазақтелеком" АҚ-тың мажоритарлық акционері "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ болып табылады (жай акциялардың 80,85%-ы немесе барлық акциялардың 71,32%-ы). Telecom Systems LTD жекеменшік компаниясына 9,19% жай акциялар немесе барлық акциялардың 8,1%тиесілі. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, "Қазақтелеком" АҚ-тың 10,7 млн қарапайым және 298 785 артықшылыққа ие акциялары айналымда жүр.

Бұған дейін сайтымызда 2025 жылдың І-тоқсанында Қазақстандағы нақты айлық жалақы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға өскенін, жалақы өсімінің негізгі драйвері – телекоммуникация саласы екенін жазғанбыз.