Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгін сотта айыпталушы соңғы сөзін айтты. Ол кейбір ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Көптеген БАҚ-та менің жағдайым, ата-анам және отбасым туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Соған байланысты үндеу жасағым келеді. Тараздан шыққан қарапайым жігітпін. 20 жасымнан бастап еңбек етіп, барлығына өз күшіммен жеттім. Миллионердің, миллиардердің баласы емеспін. Саяси тұлғалармен немесе басқа да ықпалды адамдармен ешқандай байланысым жоқ. Не тапсам да, адал еңбегімнің арқасында таптым", - деді Александр Пак.
Еске салайық, бұған дейін жарыссөз барысында прокурор соттан айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.
Айта кетейік, жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты.