Дина Смайылова ретінде де белгілі Таңсәріге жалған ақпарат таратты, жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын бұзды және алаяқтықпен айналысты деген айып тағылып отыр. Бұл туралы тергеу кезінде белгілі болған.
Ол басқаратын Немолчи.kz қоры негізінен Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы үгіт-насихатпен айналысады.
Дегенмен, тергеу барысында Таңсәрінің іс-әрекетінде сәйкессіздіктер болғаны анықталды. Яғни сот-медициналық сараптамалар оның жазбаларында айыптау басым екенін көрсетеді, билік мәліметінше, олар тек субъектив көзқарастарға негізделген.
Оның үстіне, белгілі болғандай, ол 2021 жылдан бері Қазақстаннан тыс жерде тұрып, зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мақсатында әлеуметтік желілерді пайдаланып жүрген.
Оның ішінде көзге түскені - 2023 жылдың сәуірінде жарияланған жазба. Оқиға Өскеменде өзіне қол жұмсаған қызбен байланысты. Таңсәрі одан кейінгі жазбаларында қыздың отбасына көңіл айтып, артынша полиция мәлімдемесіне сенбейтінін жеткізген. Салдарынан кәмелетке толмаған баланың денсаулығына зиян келтіру және бұзақылық жасау баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.
Полицияның о бастағы мәлімдемесіне сенбеген Дина Таңсәрі жәбірленушінің адвокатына деп 20 миллион теңге (44 000 АҚШ доллары) көлемінде ақша жинауды бастаған.
Алайда оның бір бөлігі ғана қажет мақсатқа жұмсалған. Қаржылық есептерді талдау кезінде қорға арналған қаражат Таңсәрінің күйеуінің жеке шотына аударылып, оның шетелдегі жеке шығындарына жұмсалғаны анықталған.
Осылайша құқық қорғау органдары Дина Таңсәріге былтыр 27 желтоқсанда іздеу жариялады. Бұл жайтқа жауап ретінде ол Instagram-парақшасында алаңдаушылығын білдіріп, өз ісіне қатысты жеті жәбірленуші бар екенін баса айтып, Қазақстан халқынан қолдау сұрады.
Былтыр қарашада қор жетекшісі жеке шоттары бұғаттала бастағанын, ал желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы полицейлері алаяқтыққа қатысты айып таққанын айтқан. Осылайша ол және күйеуі Алмат Мұхамеджанов "Немолчи.kz қызметіне байланысты қуғынға ұшырадық" деп Еуропадан саяси баспана сұраған.
Айта кетейік, 2017 жылы құрылған «Немолчи.kz» қоры қайырымдылық арқылы Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресумен айналысады. Соңғы шыққан дауларға қарамастан, қор соңғы бес жыл ішінде адам зорлады деген 81 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалуына себеп болған. Қор жәбірленушілерге құқықтық, психологиялық және медициналық көмекті, сондай-ақ жәбірленушілерді қорғау үшін білім беру бастамалары мен заңнамалық насихат жағынан әртүрлі қолдау көрсетеді.