Әлеуметтік желіде ауызашар рәсімдерінің заманауи сипат ала бастағаны туралы қызу пікірталас жүріп жатыр. Facebook қолданушысы Оңғар Қабден осы үрдіске байланысты жазба жариялады. Ол кейбір ауызашарларға ойын-сауық элементтері қосылып жатқанын айтып, заманауи дәстүрді сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Ауызашарға тамада, диджей жалдап жатыр. Арасында ойыны бар. Мына түрімізбен жақында жаназада молданың қасында диджей отыратын сияқты ғой”, – деп жазды ол.
Бұл пікірге желі қолданушылары түрлі реакция білдірді. Кейбіреулер мұны дәстүрден ауытқу деп санаса, енді біреулері заман талабына сай өзгеріс деп қабылдауда.
Астана қаласы "Діндерді зерттеу орталығының" исламтанушы-лекторы Арман Нұрахметұлы Рамазан айына байланысты бірқатар кеңесін ұсынды.
Кім ораза ұстауға міндетті?
Оразаның мұсылмандарға парыз болатын шарттары:
- балиғат жасына жету;
- ақыл есі дұрыс болу;
- ораза ұстаушының денсаулығы жарамды болуы;
Рамазан айында күнделікті күнде оразаны қалай ұстау керек?
Таң атқаннан (таң намазының басталу уақыты) күн батқанға дейін (кешкі ақшам намазының басталуына дейін). Осы уақыт ішінде ішуге, тамақ жеуге және жұбайыңызбен жыныстық қатынасқа түсуге болмайды. Демек, ақшам намазы уақыты кіргеннен бастап, таң намазына дейін (кешкі және түнгі уақыт аралығында), аталмыш тыйымдар рұқсат етіледі;
Ораза ұстаушының сәресі мен оразаға ниет етуі
Ораза ұстаушының сәресі (сухур) – Рамазан айындағы ораза кезіндегі таң намазы уақыты алдындағы ауыз бекіту (тамақты ішіп-жеу).
Ниет - Раббының әмірін орындау мақсатында, жүректе ораза ұстауға шешім қабылдау. Ниеттің орны жүрек, бірақ ниетті ауызша айтуға (білдіруге) болады.
Ниет айту (білдіру) нұсқасы: «Ниет еттім Аллаһ Тағала ризалығы үшін таңнан кешке дейін рамазан айының оразасын ұстауға». Немесе ҚМДБ – ның ресми сайттарының нұсқаларын қолдануға болады. Өз еріктерімен арабшасын немес қазақшасын айтсаңыз болады.
Ауыз ашар (ифтар) – Рамазан айының ораза кезіндегі кешкі асы. Ауыз ашар алдында дұға жасауменен бастағаны жақсы.
Дұға жасау нұсқасы: «Иә Аллаһ Тағала, Сен үшін ораза ұстадым, саған ниет еттім, саған сендім. Сенің берген несібеңмен ауыз аштым. Ертеңгі күннің оразасына да ниет еттім. Біздің өткен біліп те, білмей істеген күнәларымызды кешіре көр». Немесе ҚМДБ – ның ресми сайттарының нұсқаларын қолдануға болады.
Таң сәресіне ұйықтап қалсам, сол күнгі ораза ораза болып санала ма?
Таң сәресінде ас жеу өте қажет. Егер сіз сәресіне ұйықтап қалсаңыз, бірақ сіз ұйықтар алдында келесі күні ораза ұстауды жоспарласаңыз (ниет етсеңіз), ұйқыдан тұрғаннан кейін сіз әдеттегідей оразаңызды жалғастырай бересіз. Таң сәресінде тамақ ішпегеніңіз үшін алаңдамаңыз. Оразаңыз бұзылмайды.
Ораза кезіндегі тыйымдары, оны бұзатын жағдаяттары мен қазаларының өтелінуі ҚМДБ-ның ресми сайттарынан білуіңізге болады.