Талдықорғанда ер адамның мәйіті табылды

Талдықорғанда ер адамның мәйіті табылды
ЖИ: Dalanews.kz

Талдықорғанда ер адамның мәйіті табылды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұмның денесі гараждардың маңынан анықталған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Алдын ала деректер бойынша, көз жұмған азамат тірі кезінде алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтынған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.