Талдықорғанда өрт сөндірушілер газ-түтіннен қорғау жаттығуларынан өтті

Ақтоты Жапатова 06 қаз. 2025 16:49

Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызметінің тактикалық-арнайы дайындық кестесіне сәйкес,  Талдықорғанда Жетісу облысының газ-түтіннен қорғау қызметі (ГТҚҚ) жеке құрамының жоспарлы сабақтары өтті. Оқу циклі жылы түтін камерасындағы жаттығуларды және өрт сөндіру бөлімшелерінің психологиялық дайындыққа арналған отты жолағынан өтуді қамтыды. Барлығы 204 ГТҚҚ қызметкері қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сабақтардың мақсаты – көру мүмкіндігі дерлік нөлге тең жағдайдағы қою түтінде іс-қимылды тәжірибе жүзінде пысықтау, буын ішіндегі өзара іс-қимыл мен байланысты жетілдіру, сондай-ақ жалпы дене және төзімділік деңгейін тексеру. Жаттығулар қорытындысы бойынша әр қатысушыға бағалау қойылып, күшті тұстары мен әрі қарай дамыту қажет бағыттар белгіленді.

Сонымен қатар Жетісу облысында «Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» атағына байқау өткізілді. Нәтижесінде Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылындағы №9 өрт сөндіру бөлімінің ГТҚҚ буыны жеңімпаз деп танылды — қауіпсіздік регламентін қатаң сақтағаны, іс-қимылдағы үйлесімділігі және кезеңдерді үздік уақытта өткені үшін.

Жылы түтін камерасындағы және отты жолақтағы тоқсан сайынғы тұрақты жаттығулар – өрт сөндірушілердің кәсіби бабын сақтаудың маңызды бөлігі. Дәл осы дайындықтар күйзеліске төзімділікті арттырып, буынның өзара әрекетін нақтыландырады және ең күрделі жағдайда жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз етеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар