Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бірнеше шенеунік бұрынғы қызметінде қалдырды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин де бұрынғы қызметіне қайта тағайындалған болатын.