Тағы бір қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті

Көркем Алдабергенова 31 қаң. 2026 17:02

Дзюдодан ел намысын қорғап жүрген Ержан Еренқайыпов (66 кг) халықаралық ареналардағы жарыстардан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сонымен қатар, оның есімі Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми рейтингінен де алынып тасталған.

Спортшы 2023 жылы Азия кубогының ашық кезеңінде топ жарып, мансабындағы маңызды жетістіктерінің біріне қол жеткізген болатын. Алайда одан кейін өткен халықаралық турнирлерде қазақстандық балуан күткен нәтижеге жете алмай, бірқатар белдесулерде жеңіліс тапты.

Соған қарамастан, кейінгі кезеңде оның жолы қайта ашылып, Ислам ынтымақтастығы ойындарында финалға дейін жетіп, күміс жүлдені еншілеген еді.

Еске салайық, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда кездесу болмайтыны ресми түрде хабарланды. Бұған себеп: қазақстандық боксшының анализінен тыйым салынған препарат табылған.

Кейінірек туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына пікір білдірді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove