Бүгін - Қарттар күні. Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазір республикада 2,4 миллионнан аса азамат зейнетақы төлемін алады. Зейнеткерлердің 64 пайызы әйелдер болса, 36 пайызы - ер адамдар.
Әйелдер арасында еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.
Ер азаматтар арасында жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жыл бойы жемісті еңбек еткен.