"Жаңа-Қаржы" микроқаржы ұйымы" ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Микроқаржылық қызмет туралы" заңының 16-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия қолданысының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тоқтата тұрылуы лицензиядан айыру үшін негіздеме болды", делінген ҚР ҚНРДА хабарламасында.
Мұндай жағдайда аталған ЖШС таратылып, егер қажет болса, басқа атаумен қайта тіркелуге міндетті екені де нақтыланады.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.
Айта кетсек, 4 қазанда лимиттен асыра несие берген қос микроқаржылық ұйымның лицензиялары уақытша тоқталығаны хабарланған. Олар - Bravo Microfinance және CashCapital.