Тағы 36 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 16 мау. 2025 09:39

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі тағы 36 мемлекеттің азаматтары үшін Америка Құрама Штаттарына кіруге тыйым салуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қол қойған ішкі дипломатиялық құжатқа сәйкес, бұл мемлекеттерге қатысты түзету шараларын қабылдау қажет болуы мүмкін деген талап қойылған.

"Департамент алаңдатқан 36 елді анықтады. Егер бұл мемлекеттер 60 күн ішінде көрсетілген талаптарды орындамаса, олардың кіруіне толық немесе ішінара тыйым салынуы мүмкін", — делінген құжат мазмұнында.

Мемлекеттік департаменттің алаңдау себебі ретінде бұл мемлекеттердің кейбірінде жеке басын куәландыратын құжаттарды бере алатын құзыретті мекемелер жоқтығы көрсетілген.

Сондай-ақ, кейбір мемлекеттер өздерінің АҚШ аумағындағы азаматтарын кері қабылдауға атсалыспаған. Кейбірінің АҚШ визасы берілген азаматтары виза мерзімінен асырып жіберген. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттердің азаматтары АҚШ аумағында террорлық әрекеттерге, антисемиттік және антиамерикалық әрекеттерге қатысқан деген деректер келтірілген.

60 күн ішінде бұл мәселелер шешімін таппаса, мына мемлекеттерге толық немесе ішінара кіруге тыйым салынуы мүмкін: Ангола, Антигуа және Барбуда, Бенин, Бутан, Буркина-Фасо, Кабо-Верде, Камбоджа, Камерун, Кот-d’Ивуар, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Доминика, Эфиопия, Мысыр, Габон, Гамбия, Гана, Қырғызстан, Либерия, Малави, Мавритания, Нигер, Нигерия, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Оңтүстік Судан, Сирия, Танзания, Тонга, Тувалу, Уганда, Вануату, Замбия және Зимбабве.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар