Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты
Dalanews

Синоптиктер 10–12 сәуір аралығында Астана мен Алматы қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астанада 10 сәуірде күн құбылмалы бұлтты болады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6 градус, күндіз +7…+9 градус болады.

11 сәуірде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2 градусқа дейін төмендеп, күндіз +12…+14 градусқа дейін көтеріледі.

12 сәуірде күн құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман байқалады. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2 градус, күндіз +14…+16 градус шамасында болады.

Ал Алматыда 10 сәуірде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10 градус, күндіз +18…+20 градус болады.

11 сәуірде түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с, түнде екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+7 градус, күндіз +20…+22 градусқа дейін жетеді.

12 сәуірде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанып отыр. Жел 3–8 м/с. Түнде +6…+8 градус, күндіз +22…+24 градус болады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түседі. Батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Шығыста қар, боран және көктайғақ болжанып отыр.