Шымкентте полиция мефедронның ірі партиясын тәркіледі, ерлі-зайыпты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Шымкент қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері өңіраралық есірткі тасымалдаушыларды ұстады. Қарағанды қаласының 48 жастағы тұрғыны мен оның 37 жастағы жұбайы жеке көлікпен синтетикалық есірткінің ірі партиясын Алматыдан Шымкент қаласына жеткізіп, оларды еліміздің оңтүстік өңірлерінде одан әрі таратуды көздеген.
Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан жалпы салмағы екі келіге жуық мефедрон салынған төрт орама табылды.
Ұсталғандардың телефондарын тексеру барысында интернет есірткі дүкенінің кураторымен жазысқан хат-хабарлар анықталды. Сол арқылы олар есірткіні тасымалдауға қатысты тапсырмалар алып отырған.
Қамқорлығында кәмелетке толмаған үш баласы болуына қарамастан ерлі-зайыпты заңсыз табыс табу жолын саналы түрде таңдаған. Жауап алу барысында ұсталғандар бәрін мойындаған.
Медициналық куәландыру ер адам каннабис тобына жататын есірткі пайдаланғанын растаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.